Ш 13-1 тобының студенттері ардагер ұстаз Абулкасымова Сауле апайдың шаңырағына арнайы барып, ақжарма тілектерін білдірді.
Қос мереке – Ұстаздар күні мен Қарттар күніне орай ардагер ұстазымызды мерекесімен құттықтап, сый-құрметімізді көрсеттік. Ұстаздық ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған Сауле апай қыздарға ақ батасын беріп, жүрекжарды тілегін білдірді.
Апайдың әрбір сөзі – өмірден көргені мен түйгенінен туған өнеге, әрбір батасы – жастарға деген ақ ниеттің белгісі. Студенттер де өз кезегінде апайға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы мен көңіл тыныштығын тіледі.
Ардагер ұстаздың ақ батасын алып, өнегелі әңгімесін тыңдап қайтқан қыздар үшін бұл кездесу ерекше әсерлі әрі тағылымды болды. Үлкенге құрмет көрсету – ұрпақтың парызы. Осындай кездесулер жас ұрпақтың бойына ізеттілік, мейірімділік пен үлкенді сыйлау қасиеттерін қалыптастыратыны сөзсіз.
Сауле апайдың ақ батасы қабыл болып, жүрекке жылы бұл кездесу әрқайсымыздың жадымызда ұзақ сақталсын!

