«Бейімделу және тиімді қарым-қатынас» психологиялық тренингі
Қосымша білім беру курсы аясында қатысушылардың жаңа ортаға бейімделуіне, өзара сенім қалыптастыруына және тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған тренинг өткізілді.
Тренинг барысында қатысушылар өзара жақындасып, бір-бірін түсінуге, еркін пікір алмасуға, топта ынтымақтастық орнатуға және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға мүмкіндік алды.
Тренингтің басты мақсаты — әрбір қатысушының өзін қауіпсіз әрі еркін сезінуіне жағдай жасау, тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және өзара сыйластыққа негізделген орта құру. Өйткені жақсы қарым-қатынас — сенімнің бастауы, ал қолайлы орта — жарқын болашақтың негізі!
Ұйымдастырушылар: Абдухаимова Г.У. Таңсықбай Б.Е.

