4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні.
Бұл күн – еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұранына құрмет көрсетіп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын ерекше мереке. Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің айғағы, ел бірлігі мен патриоттық рухтың символы.
Осы мереке аясында білім алушылар арасында патриоттық тәрбиеге бағытталған мерекелік концерт ұйымдастырылып, жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінді.
Еліміздің көк Туы әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанымыздың мәртебесі арта берсін! 🇰🇿

