31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
№2 АГПК және АМК бірлесе отырып, ұрпақ жадында сақталуы тиіс тарихи күннің маңызын түсіндіретін шара өткізді.
Білім алушылар деректі видео көріп, сахналық көрініс пен тақпақтар арқылы сол жылдардың ауыртпалығын жеткізді. Шара соңында қаза тапқан боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алдық.
Тарихты ұмытпау – келешекке жауапкершілік.
Есімдері жүректе, рухтары мәңгі...

