22 сәуір күні Ұлттық кітап күніне орай «Кітап – білім бұлағы, болашақ ұстаздың құралы» тақырыбында Ш-23/2 топ кураторы Абдиева Ғазиза Ільясқызы ашық кураторлық сағат ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – колледж білім алушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және болашақ ұстаздың кәсіби құндылықтарын нығайту.
Кураторлық сағат барысында студенттер кітаптың адам өміріндегі рөлі, ұстаз тұлғасын қалыптастырудағы маңызы туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында пікір алмасу, қойылымдар, шығармашылық тапсырмалар және танымдық сұрақ-жауап форматындағы жұмыстар жүргізілді.
Іс-шара аясында кітаптың тек білім көзі ғана емес, сонымен қатар тұлғалық даму мен кәсіби қалыптасудың маңызды құралы екені кеңінен талқыланды. Студенттер өздерінің сүйікті кітаптарын таныстырып, болашақ ұстаз ретінде қандай әдебиеттердің маңызды екенін атап өтті.
Ашық кураторлық сағат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оңтайлы бағаға иеленді.










