№2 Алматы гуманитарлық педагогикалық колледжінде жалпы кәсіптік пәндер әдістемелік комиссиясының онкүндігі өз мәресіне жетті. Білім беру ұйымында өткен Жалпы кәсіптік пәндер әдістемелік комиссиясының онкүндігі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Онкүндік аясында білім алушылар мен педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталған бірқатар мазмұнды іс-шаралар өткізілді.
Онкүндіктің жабылу салтанатында белсенділік танытқан білім алушылар марапатталып дипломдар табысталды.
Жалпы кәсіптік пәндер әдістемелік комиссиясының онкүндігі – сапалы білім мен кәсіби шеберлікті ұштастырған, жаңашыл идеялар мен нәтижелі тәжірибелер алаңына айналған тағылымды шара болды.

