№ 2 Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжінде «Тіл – мен әдебиет-тәрбиенің қос қанаты» атты ең ерекше әрі мазмұнды апталықтардың бірі — Тілдер бірлестігінің онкүндігі басталды!
Шараның мақсаты — тілдің мәртебесін асқақтату, көптілділікті насихаттау және білім алушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тіл — тек қарым-қатынас құралы емес, ол — тұтас бір ұлттың жаны. Бүгінгі ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Шарада “Ғасырлар үні-ұрпақ үні” атты сахналық қойылым қойылып, көрерменнің көңілінен шықты. Білім алушылар қазақ, орыс тілдерінде ақын-жазушылардың туындыларын мәнерлеп оқып, әсерлі сахналық қойылым қойды. 17 наурыз-31 наурыз аралығында түрлі ашық сабақтар, ақын-жазушылардың байқауы мен зияткерлік ойындар өткізілмек. Тіл мәртебесін бірге биіктетейік!
#ТілдерОнкүндігі #КолледжТынысы #ТілМәртебесі #Білім #АнаТілі @grp_tipo_almaty @edu.almaty

