№2 Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжі мен Крылов кітапханасы бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы сыйлығының және тәуелсіз “Платина Тарлан” сыйлығының лауреаты, ақын Исраил Сапарбайдың 85 жылдығына орай “Поэзия әлеміндегі сырлы саңлақ” атты әдеби ревю өткізді.
Іс-шараға Крылов кітапханасынан Дәулетқұлова Айжамал Жолдасқызы, колледж кітапханашысы Артықбаева Р.М., тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Салихова Б.У. және педагог-ұйымдастырушы Асанова А.А. қатысты.
Әдеби кеш барысында ақын шығармашылығы насихатталып, поэзия әлемінің терең сырлары сөз болды. Қатысушылар ақын өлеңдерінен үзінділер оқып, әсерлі ой-пікірлерімен бөлісті.

