№2 АГПК жалпы кәсіптік пән әдістемелік комиссиясының онкүндігі жалғасуда. Арнайы пән оқытушылары: Кожабергенова А.К., Мырзалиева К.Ж., Орынбаева Э. Е. ұйымдастыруымен
№2 Алматы гуманитарлы-педагогикалық колледжінде 4 курс білім алушыларына арналған мазмұнды семинар өтті.
📚 Тақырыбы: WorldSkills стандарттарына сәйкес педагогикалық колледждерде “Бастауыш сынып” құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Семинар барысында студенттер демонстрациялық емтиханның құрылымы, бағалау критерийлері, модульдері және техникалық талаптарымен танысты. Сонымен қатар интерактивті сабақ үлгілері көрсетіліп, топтық практикалық жұмыстар ұйымдастырылды.
💡 Қатысушылар заманауи цифрлық платформаларды пайдалану, сабақ үзіндісін тиімді жоспарлау, жобалық тапсырмалар әзірлеу және сараптамалық бағалау дағдыларын жетілдірді.
👏 Семинар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттырып, WorldSkills форматына сенімді дайындалуына үлкен серпін берді.
#WorldSkills #ПедагогикалықКолледж #БастауышСынып #ДемонстрациялықЕмтихан #БілімБерудегіИнновация #Алматы
IMG_099

