

АГГПК №2-де NEXTGEN TEACHER: Шекарасыз білім халықаралық байқауы өтті!
Байқау Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің дарынды студенттерін біріктірді. 131 жұмыстың ішінен 35-і финалға өтіп, 22 жоба офлайн түрде ұсынылды.
Колледж директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Дуанбаева Б.Ш. қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.
Қатысушылар «Педагогикалық зертхана» және «Стенд-форум» форматтарында инклюзивті білім беру, soft skills, цифрлық құралдар мен геймификация тақырыптарын қамтыған жобаларын ұсынды.
Барлық қатысушылар сертификаттарға, ал жеңімпаздар дипломдарға ие болды. Ең бастысы — бұл шабыт, тәжірибе алмасу және жаңа мүмкіндіктер!
NEXTGEN TEACHER — бұл шекарасыз білім мен болашақтың мұғалімдері!