Ұлы Жеңістің 81 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 34 жылдығына орай №2 АГПК-мен АКК бірлесе отырып “Ерлікке тағзым – ұрпаққа үлгі” атты сап және саптық ән байқауын өткізді.
Байқау барысында қатысушылар саптық жүріс, бұйрықтарды орындау және саптық әндерді нақышына келтіре орындау арқылы өздерінің дайындығын көрсетті. Әр топ тәртіп пен ұйымшылдықтың, патриоттық рухтың жоғары деңгейін танытты.
Сондай-ақ, іс-шараға Бауыржан Момышұлы атындағы “Әскери-спорттық колледж” ұландары қонақ болып келіп, өз өнерлерін көрсетті.
Бұл шара – жас ұрпаққа Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, батырлар ерлігін ұлықтауға бағытталған маңызды іс-шара болды.

