«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, «Бақытты отбасы» және «Тәрбие шыңына» қалалық жобалар аясында ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған Алматы қаласындағы колледждерінің білім алушылары арасында анасы мен қызының қатысуымен «Қыз еркем, анасымен көркем» атты қалалық байқау өтті. Осы байқауға қатысқан #2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық — педагогикалық колледжінің ИС-29(1) тобының білім алушысы Муканова Жазира мен анасы Якияева Фарида сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынға ие болды. Жетекшісі Нурбаева Кулбазар Аскарбаевна. Құттықтаймыз! @grp_tipo_almaty @edu.almaty @auezov_audany @auezovpoo_ @talap.edu.kz




