

қалалық әдістемелік семинардың өткізілуі туралы
Тақырып: «Студенттік театр – құқықбұзушылықтың алдын алу факторы»
Алматы, 2025 жылғы 28 наурыз
2025 жылғы 28 наурызда №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінде «Студенттік театр – құқықбұзушылықтың алдын алу факторы» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты – колледждің студенттік театрды дамытудағы тәжірибесін тарату және студенттерді театр қызметіне тартудың табысты тәжірибелерін талқылау.
Семинарға Алматы қаласы Білім басқармасының білім берудегі жаңа технологиялар бойынша қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) бөлімінің өкілдері, мемлекеттік және жекеменшік колледждердің тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары (80 адам) қатысты.
Колледж директоры Дуанабаева Б.Ч. өзінің құттықтау сөзінде студенттік театрдың жастардың адамгершілік құндылықтары мен әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.
Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Шелаева И.С. «Студенттік театр – құқықбұзушылықтың алдын алудағы тиімді құрал» атты баяндамасында студенттерді құқықтық сана мен девиантты мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған театр қызметіне тартудың табысты тәжірибелерін таныстырды.
Семинар бағдарламасының негізгі бөлігі студенттік театрлардың көрермендерге ұсынған қойылымдары болды:
• «Дем» театры – «Гауhартас» қойылымынан үзінді. Театр жетекшісі: Ахметова А.М.
• Форум-театр – «Жалғыздың үні шықпайды» қойылымынан үзінді. Театр жетекшісі: Мусатаева Р.К.
• Лингвистикалық театр – «Клара Цеткин» қойылымынан үзінді. Театр жетекшісі: Кабланов С.А.
Семинар «Ашық микрофон» форматында аяқталып, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылап, студенттік театрды дамытуға қатысты жаңа идеялар ұсынды.
Қалалық әдістемелік семинар театр өнерінің білім беру процесіндегі маңыздылығын және оның жастардың мінез-құлық мәдениеті мен азаматтық ұстанымын қалыптастыруға әсерін растады.
Қалалық әдістемелік семинар туралы ақпарат колледждің ресми сайтында жарияланды: http://pedcollege2.edu.kz.
ПРЕСС-РЕЛИЗ
проведения городского методического семинара по теме:
«Студенческий театр как фактор профилактики правонарушений»
Алматы, 28 марта 2025 г.
28 марта в Алматинском государственном гуманитарно-педагогическом колледже №2 состоялся городской методический семинар по теме: «Студенческий театр как фактор профилактики правонарушений».
Основной целью мероприятия стала трансляция опыта работы колледжа по развитию студенческого театра как фактора профилактики правонарушений и обсуждение успешных практик вовлечения студентов в театральную деятельность.
В семинаре приняли участие представители отдела технического и профессионального образования (ТиПО) городского научно-методического центра новых технологий в образовании Управления образования г. Алматы, заместители директора по воспитательной работе государственных и частных колледжей города Алматы (80 чел).
Директор колледжа Дуанабаева Б.Ч. в приветственном слове подчеркнула значимость студенческого театра в формировании нравственных ценностей и социальной ответственности молодежи.
В своем выступлении «Студенческий театр как эффективный инструмент профилактики правонарушений» заместитель директора по воспитательной работе Шелаева И.С. представила успешные практики вовлечения студентов в театральную деятельность, направленную на развитие правосознания и профилактику девиантного поведения.
Основной частью программы стало выступление студенческих театров, представивших зрителям театральные постановки:
— Театр «Дем» – отрывок постановки «Гауhартас». Руководитель театра Ахметова А.М.
— Форум-театр – отрывок постановки «Жалғыздың үні шықпайды». Руководитель театра Мусатаева Р.К.
— Лингвистический театр – отрывок постановки «Клара Цеткин». Руководитель театра Кабланов С.А.
Семинар завершился форматом «Открытый микрофон», где участники смогли поделиться своими впечатлениями, обсудить актуальные вопросы и предложить новые идеи для развития студенческого театра.
Городской методический семинар подтвердил значимость театрального искусства в образовательном процессе и его влияние на формирование культуры поведения и гражданской позиции молодежи.
Информация о проведении городского методического семинара опубликованы на официальном сайте колледжа: http://pedcollege2.edu.kz.