25.12.2025жылы №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық- педагогикалық колледжінің «Ашық жүрек» еріктілер клубының мүшелері, Әуезов ауданы, Жетісу-3 шағын ауданында орналасқан «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубында жаңа жылдық шыршаны өткізуге атсалысты.
«Ашық жүрек» еріктілер клубының жетекшілері Ержанова А.С. Абалкасова Г. Е. ұйымдастыруымен 2-3 курс білім алушылары жаңа жылдық шырша барысында балаларға ойындар ойнатып, бірге ән салып, билеп, жақсы көңіл күй сыйлап қайтты. Хасанова Айша, Лукиных Екатерина, Амантай Елдана, Абдимура Дамира іс-шараны жүргізушілер болса, Уальхан Малика – Жаңа жылқы жылы, Ш-21 тобынан Наушабаева Жанна Ақшақар, Головков Руслан — Аяз ата рольін сомдады.



