

25.11.21. күні №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінде елімізде тәуелсіздіктің салтанат құрғанына 30 жыл, желтоқсан оқиғасына 35 жыл қарсаңында «Тәуелсіздік тарландары» тақырыбында «Ұстаз» клуб жұмысының аясында Ш-43 топ білім алушыларының ұйымдастыруымен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеш қонақтары: желтоқсан ардагерлері Шохманова Қуанышбала Камзановна, Муталханов Қажымұқан Уменович, Исмайлова Нуркул Кенесовна қатысып, жүрек жарды ойларымен бөлісіп, болашақ жас мамандарға тілектерін білдірді. Колледж директоры Б.Ш.Дуанабаева қонақтарға өзінің лебізін білдіріп, мұндай іс-шаралардың өскелең ұрпақ тәрбиесіне тигізер әсері жайлы айтып өтті. Сондай-ақ, кітапханашылар Сулейменова А.А., Артықбаева Ы.М. «Ұлт рухын асқақтатқан-желтоқсан» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Білім алушылар желтоқсан өкілдеріне сұрақтарын қойып, өздерінің өнерлерін көрсетіп белсенділік танытты.
«Ұстаз» клуб жетекшісі Кожабергенова А.К