

2025 жылдың 14 наурызында Almaty Polytechnic College базасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» тақырыбында қалалық интеллектуалдық сайыс болып өтті. Алматы мемлекеттік колледждерінен 17 талапкер қатысты. Сайысқа қатысқан білім алушылар өздерінің жақсы білім деңгейімен, жан-жақты эрудициясымен және логикалық ойлау қабілетімен ерекшеленді. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Финалға өткен 4 үміткердің қатарында Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжінің 2 курсының Ш23-1 тобының студенті Ибраева Аруна да болды. Аруна өзінің сабырлылығымен, байсалдылығымен көзге түсті. Интеллектуалдық сайыста қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындаған Аруна 17 сайыскердың арасынан суырыла шығып, екінші (ІІ) орынды жеңіп алды. Жеңіс құтты болсын!