18.12.25 күні Қазақстан жазушылары кітапханасында көрнекті жазушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, профессор, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық Жамбыл және «Алаш» сыйлықтарының лауреаты, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы — Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақышпен әдеби — шығармашылық кеш өтті. Кездесу кешіне #2 Алматы гуманитарлық педагогикалық колледж кітапханашылары Р.М. Артыкбаева мен А.А. Сулейменова және Ш -13/2 тобының білім алушылары қатысты.Білім алушылар, оқыған шығармаларына талдау жасап, кеш қонағына ойларын да жүрген сұрақтарын қойды. Кешке жиналған әдебиетсүйер қауым қаламгерді ерекше ықыласпен қарсы алды. Кеш қонақтары арасында бірқатар зиялы қауым өкілдері болды 75 жылдық мерейтойымен құттықтап сөз сөйледі. @akimat_auezov @auezovpoo_ @edu.almaty

