

📣Алматы қаласы Білім басқармасының медиа-жоспары аясында және Жұмысшы кәсіптер жылы шеңберінде Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжі №2 WorldSkills стандарттары негізінде жоғары кәсіби құзыреттілігі бар, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың тиімді тәжірибесін талқылау және тарату мақсатында семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты — халықаралық кәсіби білім беру сапасының стандарттарын оқу үдерісіне енгізуге ықпал ету және заманауи еңбек нарығының талаптарына сай мамандарды даярлау.
Колледж директоры Дуанабаева Б.Ч. атап өткендей, қазіргі таңда еңбек нарығының қарқынды өзгеруіне бейімделе алатын, жоғары кәсіби дайындыққа, мобильділікке және практикалық дағдыларға ие мамандарды даярлау — кезек күттірмейтін маңызды міндет. Семинардың маңыздылығы – WorldSkills халықаралық стандарттарын білім беру үдерісіне енгізу арқылы кадрлар даярлау жүйесін жаңғыртуға қосқан үлесінде.
Негізгі баяндаманы оқу-өндірістік практика жөніндегі директордың орынбасары Орынбаева Э.Е. ұсынып, WorldSkills стандарттары негізінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың заманауи тәсілдерін ұсынды.
Арнайы пәндер оқытушылары Ренгулова Н.П. мен Абдуллина Р.Х. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» құзыреттері бойынша демонстрациялық емтихан өткізудегі табысты тәжірибені таныстырды.
Семинардың практикалық бөлігінде колледж білім алушылары өз жұмыстарын ұсынды:
•Қамбарова Зарина, WorldSkills Almaty жеңімпазы, ІІ дәрежелі диплом иегері (Ш-43 тобы) – бастауыш сыныптағы сабақ фрагменті;
•Гущина Милана, WorldSkills Almaty, ІІ дәрежелі диплом иегері (Ш-31 тобы) – тәрбие жұмысы бойынша жобалық қызмет;
•Солдатова Арианна, WorldSkills Almaty жеңімпазы, І дәрежелі диплом иегері (Д-36 тобы) – театрландырылған ойын тәжірибесі.
Семинардың соңында «Ашық микрофон» сессиясы өтті, онда қатысушылар WorldSkills стандарттарын одан әрі қолдану жөнінде пікір алмасты.
Бұл семинар колледж педагогтерінің болашақ мамандарды даярлау сапасын арттырудағы белсенді ұстанымын айқын көрсетеді.
Қалалық әдістемелік семинар туралы ақпарат колледждің ресми сайтында жарияланды: http://pedcollege2.edu.kz.