

📣Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы қаласының колледж студенттері арасында әскери-патриоттық көпсайыс бойынша қалалық жарыстар өтті.
Жарыстар Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінің базасында өткізілді.
Біздің команда колледжімізді лайықты түрде таныстырып, қалалық колледждер арасында 2-орын иеленді!
Топ жетекшісі — капитан Нұғманов С. Қ.
Қатысушыларды тамаша нәтижемен құттықтаймыз және көрсеткен күш-жігері, төзімділігі мен командалық рухы үшін алғысымызды білдіреміз!