

📣ТИПО бөлімінің Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 33 жыл толуына байланысты іс-шаралар жоспары аясында Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжі №2 және Алматы көпсалалы колледжі бірігіп, 1 курс білім алушылары арасында әскери-патриоттық көпсайыс өткізді.
Мұндай іс-шараларды өткізу – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ата-бабаларымыздың ерлігі мен батырлығын ұмытпауға шақыратын Ұлы Жеңістің 80 жылдығы секілді айтулы дата аясында ерекше маңызға ие. Әскери-патриоттық көпсайыс тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, тарихи мұраға құрмет, ел қорғауға дайын болу сынды қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Мұндай шаралар азаматтық жауапкершілікті арттырып, командада жұмыс істей білу, физикалық дайындық пен ел тарихына деген мақтаныш сезімін дамытуға ықпал етеді!